«Қайрат» жастар командасының қақпашысы Дінмұхамед Жомарт «Астанаға» қарсы матч жайында.
- Бірінші кезекте, ауа-райына қарамай, матчқа келіп, бүкіл матч бойы бізге қолдау көрсеткен жанкүйерлерге алғыс айтқым келеді. Ойын өте ауыр өтті, «Астана» - жақсы қарсылас, ол да медальға таласып жатыр. Матчта біздің қақпаға қысым көбірек жасалды, бірақ команда соңына дейін күресті.
Лигадағы алтын медальға талас туралы айтар болсақ, 13 тур бойы ең жарқын команданың бірі болған, меніңше, ЦСКА. Командада тәжірибелі футболшылар көп. Менің ойымша, чемпион бойы тұрақты өнер көрсететін команда алтын медальға қол жеткізеді. Біз соған ұмтыламыз!