«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

«Динамо» Мәскеу: қарсыласты таныстыру
Қайрат

«Динамо» Мәскеу: қарсыласты таныстыру

13 февраля 2020
/ 12:00

«Қайрат» ФК-ның баспасөз қызметі Түркиядағы оқу-жаттығу жиындары кезінде кездесетін қарсыластар туралы материалдар топтамасын жалғастыруда.

«Қайраттың» Түркиядағы қорытынды оқу-жаттығу жиынындағы бірінші қарсыласы мәскеулік «Динамо» болмақ. Ресей Федерация астанасының клубы қазіргі уақытта елдің жоғарғы лигасында сегізінші орында тұр.

«Динамо» кәсіби клубы 1923 жылы құрылған және киевтік «Динамомен» қатар КСРО-ның жоғары футбол дивизионынан ешқашан шықпаған. «Ақ-көгілдірлер» есебінде КСРО чемпионының 11 атағы бар. Сондай-ақ, Ресейдің ең көне клубтарының бірі КСРО-дан УЕФА кубок иегерлері Кубогының финалына шыққан алғашқы ұжым.

«Динамо» командасының бапкері 39 жасар Кирилл Новиков. Оның әкесі-мәскеулік клубтың белгілі қорғаушысы Александр Новиков. Ойыншы ретінде ол 1998 жылы Мәскеуде өткен дүниежүзілік жасөспірімдер ойындарын жеңіп алды. Өткен жылы 2007 жылдан бастап «Динамо» жүйесінде бапкер болып жұмыс істеп келе жатқан Новиков бас команданың жетекшісі Дмитрий Хохловты ауыстырды.

Transfermarkt порталының мәліметтері бойынша, «Динамо» құрамы 75 миллион еуроға бағаланады. Мәскеуліктердің ең қымбат ойыншысы – клуб  өткен жазда дортмундтық «Боруссиядан» 20 миллион еуроға сатып алған Максимилиан Филипп. Биылғы қыста «Динамоға» жартылай қорғаушы Дмитрий Скопинцев ауысты, ол бұрын «Ростов» және «Краснодар» командалары сапында ойнаған, сондай-ақ форвард Николай Комличенко. Ресей құрамасының шабуылшысы «Млада-Болеслав» чех клубы құрамында өзін жақсы көрсетіп, жарты маусымда 42 гол соқты.

«Динамо» - «Қайрат» бақылау матчы Алматы уақытымен сағат 20:00-ге жоспарланған. Ойынның тікелей трансляциясы сілтеме (ссылке ) бойынша қол жетімді болады.

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»