«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

«Динамо» Киев: қарсыласты таныстыру
Қайрат

«Динамо» Киев: қарсыласты таныстыру

27 января 2020
/ 12:00

«Қайрат» ФК-ның баспасөз қызметі команданың Түркиядағы оқу-жаттығу жиындары кезінде кездесетін қарсыластар туралы материалдар топтамасын жалғастыруда.

 Түркиядағы оқу-жаттығу жиынындағы «Қайраттың» екінші қарсыласы киевтік «Динамо» болады. Украина астанасының клубы қазіргі уақытта Украина чемпионатында екінші орында тұр.

Киевтік «Динамо» кәсіби клубы 1927 жылы құрылған және КСРО-ның ең атақты клубы. Украина астанасының командасы 13 рет КСРО чемпионы атанды. Сондай-ақ, ең танымал украин клубы ел тәуелсіздігі жылдарында 15 рет чемпион атағын жеңіп алған.

«Ақ-көктердің» бапкері өткен ғасырдың 80-ші және 90-шы жылдары украинаның ең үздік футболшыларының бірі болған 56 жасар Алексей Михайличенко. Ойыншы ретінде Михайличенко 1988 жылғы Олимпиада ойындарында жеңіске жетіп, сондай-ақ Еуро-1988 күміс медаль иегері болды. «Динамода» қазіргі бапкер он маусым ойнап, одан кейін «Сампдория» сапында өнер көрсетіп, Италия Чемпионатын жеңіп алды. Содан кейін жартылай қорғаушы «Рейнджерс» клубына ауысып, бес рет Шотландия чемпионы атанды. Бапкер ретінде Михайличенко тек «Динамода» ғана жұмыс істеді.

Transfermarkt порталының мәліметтері бойынша, «Динамо» құрамы 96,5 миллион еуроға бағаланады. Украина Кубогының он бір  дүркін иегерінің ең қымбат ойыншысы хавбек Виктор Цыганков. Transfermarkt оны жиырма миллион еуроға бағалайды.

«Динамоға» қарсы жолдастық кездесу Алматы уақытымен сағат 15:00-ге жоспарланған.

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»