«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Димитар Димитров: «Бұл өте маңызды жеңіс, бірақ ол ештеңе білдірмейді»
Қайрат

Димитар Димитров: «Бұл өте маңызды жеңіс, бірақ ол ештеңе білдірмейді»

27 октября 2018
/ 00:00

«Ертістің» бас бапкері Димитар Димитров «Қайратқа» қарсы матч нәтижесі жайында айтты.

- Бұл біздің команда үшін өте қиын ойын, өйткені біз жоғарғы дивизионда қалу үшін күресудеміз. Есепті ерте ашып, матч соңына дейін сақтап қала алғанымыз жақсы болды. Әрине, сапа тұрғысынан, ойынның мазмұны тұрғысынан айтылар сындар бар бар, бірақ бұл біздің деңгейіміз. Қазақстанда жұмыс істеген 3 жылымда мен алғаш рет «Қайратты» ұтып отырмын. Бұл өте маңызды жеңіс, бірақ бұл ештеңе білдірмейді. Мен чемпионаттың аяқталуына дейін екі турдың бар екенін айттым, бұл матчтарда қалай ойнайтынымыз біз үшін өте маңызды. Мен қуаныштымын, бірақ бізде қиындықтар бар, дәлірек айтқанда, бізде қосалқы құрам аз және тең емес, әсіресе жарақаттар алған кезде. Мен жігіттерге бүгін тырысып, мүмкіндігінше барынша ойнағаны үшін алғыс айтқым келеді. Белгілі бір сәттерде біздің жолымыз болды деп айта аламын, жеңіске толықтай лайық емес шығармыз, бірақ біздің команда үшін оны өте бағалы деп айтуға болады.

- «Ертістің» жанкүйерлері павлодарлық клубтың осы маусымдағы барлық қиындықтары маусым алдындағы жиынды сәтсіз өткізгеніне, сондай-ақ, трансферлік науқан сапасыз болғанына байланысты деп санайды, физикалық дайындықта да қиындықтар болды. Бұл туралы не айта аласыз?

- Мен бұл тақырып туралы айтқым келмейді. Бұл дұрыс емес, себебі мен ол кезде бапкер қызметінде болмадым. Мен тек шілде айының соңына келдім. Енді селекция немесе физикалық дайындық сияқты себептерді айтсам, бұл менің тарапымнан дұрыс болмайды. Иә, менде бұл туралы көп ақпарат бар. Біз бұл команданы қарызды көп уақытқа созып, жалақыны кешіктірген кезеңде құрдық, бірақ соған қарамастан Еуропа Лигасының іріктеу кезеңінде екі рет ойнадық. Биыл команданың қарызы жоқ, мен команда жақсы селекция өткізеді деп ойладым, ойыншылар әлдеқайда жақсырақ жасақталады деп сендім, бірақ бәрі керісінше болды. Менде бұл неге осылай болғаны туралы түсінік бар, бірақ мен бұл туралы айтпаймын.

- Бүгін матчқа қатыспаған Владимир Воменко мен Уго Секу өздерін қалай сезініп жүр?

- Иә, олардың түрлі жарақаттары бар. Олар келесі ойынға қатысар-қатыспасын айта алмаймын. Біздің қосалқы құрамымыз қысқа, сондықтан біз үшін әр ойыншы маңызды.

- Бүгін стадионда павлодарлық жанкүйерлер көптеп жиналды, бұл туралы не айта аласыз?

- Жігіттерге қолдау көрсеткендері үшін алғыс айтқым келеді, біз үшін бұл өте маңызды, біз оны бағалаймыз!

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»