«Қайраттың» жартылай қорғаушысы Әділет Садыбеков клубтың баспасөз қызметіне берген сұхбатында Қазақстан OLIMPBET-Чемпионатының кейінге қалдырылған 14-тур аясында «Қызылжарға» қарсы өткен ойынға (3:0) қатысты пікір білдірді:
– Адик, жеңіс құтты болсын! Ойын туралы пікірің қандай?
– Біріншіден, әр ойында келіп, қолдау көрсететін жанкүйерлерге рақмет. Біз үшін бұл өте маңызды! Ойынға келетін болсақ, ең бастысы, біз ірі есеппен жеңіске жеттік. Ал қателерімізді теория жүзінде талдаймыз.
– Ойын барысында саған медициналық көмек қажет болды. Қазір өзіңді қалай сезінесің?
– Мен бұлшық еттерімді аздап жарақаттап алдым, бірақ қазір жағдайым жақсы.
– Баспасөз мәслихатында Кирилл Сергеевич сені ойынның соңына дейін ойнай алатыныңа күмәнмен қарағанын айтты.
– Бірінші таймнан кейін бұлшық еттерім ауырды. Дегенмен клубымыздың дәрігерлерінің арқасында алаңда 90 минут ойнай алдым. Бұл үшін оларға рақмет!
– Келесі аптада «Қызылжармен» тағы да ойнаймыз. Бұл жолы сырт алаңда. Қарсылас туралы не айта аласың?
– «Қызылжар» өте жақсы, ұйымшыл команда. Олармен келесі ойында ойнау қиын болады. Бірақ біз, әдеттегідей, тек жеңісті көздейміз.
– Маусымның бірінші жартысы аяқталды. Сен қалай қорытындылайсың?
– Бірінші орында болмағандықтан, көңіліміз толмады десек те болады. Әр матч сайын бар күшімізді салатын боламыз. Құрамымыз бен менталитетіміз мықты болғандықтан, бірінші орынға шығуға тырысамыз.