«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Диас Кушкумбаев: «Екінші таймда ойын мүлде өзгеріп кетті»
Қайрат

Диас Кушкумбаев: «Екінші таймда ойын мүлде өзгеріп кетті»

02 октября 2023
/ 06:00

«Қайрат» жартылай қорғаушысы «Каспиймен» өткен матч (1:1), алаңдағы өзінің сүйікті позициясы және стандартты жағдай туралы айтты.

– Диас, жанкүйерлеріміз сенімен танысып отырсын.

– Жасым 20-да. Теміртау тумасымын. 2016 жылы «Қайрат» Академиясына сынақ тапсыруға келіп, сәтті тапсырдым. Менің алғашқы бапкерім Кекер Кирилл Сергеевич болды.

– Соңғы кездері негізгі команда тізіміне жиі қосылып жүрсің. Бұл сен үшін нені білдіреді?

– Мен үшін бұл дұрыс бағытта келе жатқанымды білдіреді. Ең бастысы, мұнымен тоқтап қалмай, тынбай еңбек етуім керек.

– Ақтауда өткен ойын туралы не айтасың?

– «Каспий» – жақсы жасақталған қарсылас. Бірінші таймда көптеген мүмкіндігіміз болды, бірақ оларды жүзеге асыра алмадық. Екінші таймда ойын мүлде өзгеріп кетті. Бірінші нөмірмен ойнай бастадық. Есепті теңестіре алдық. Дегенмен тең нәтиже көңілімізден шықпайды.

– Кирилл Сергеевич алаңға шықпас бұрын саған не айтты?

– Мүмкіндіктер көп бола бермейді. Әр мүмкіндікті пайдалану керек деді.

– Саған қай позицияда ойнаған ыңғайлы?

– Маған алаңда шабуылдаушы ойыншы болған ыңғайлы, бірақ жартылай қорғаныстың кез келген позициясында ойнай аламын. Мен үшін проблема емес. Ең бастысы, командаға пайдам тисе болды.

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»