«Қайрат» жастар командасының қақпашысы жамбылдық «Таразға» қарсы ойынды бірінші минуттан бастады. «Сары-қаралардың» қақпашысы қарсыластың ойыны жайында және команда құрамына оралуы туралы пікірін айтты.
- «Тараз» мықты бапкері бар жақсы команда. Бұл команда Қазақстан Екінші лигасында шынымен де футбол ойнайтын клубтардың бірі.
- Сіз аз уақыт үзілістен соң негізгі құрамға оралдың, осы жайында не айта аласың?
- Құрамадан кейін команда сапына оралғаныма өте қуаныштымын. Маған Екінші лигада өнер көрсеткен ұнайды, бірақ Бірінші лигада да ойнағым келеді. Тіземді жарақаттап алған болатынмын: біздің дәрігерлерімізге рақмет айтамын, олар маған Гранаткин турниріндегі ойындар алдында жылдам айығуыма көмектесті. Дәл қазір мен толығымен дайынмын деп айта аламын.
- Сен Гранаткин Мемориалында өнер көрсеткен Қазақстан жасөспірімдер құрамасы сапынан оралдың. Еліміздің құрамасында ойнау қосымша жігер беріп, командаға оралғанда оң импульс сыйлай ма?
- Ойыншылар ұлттық құраманың жейдесімен шығуы – оларды қашан да жігерлендіруі керек. Турнирдің өзі туралы айтатын болсақ, онда барлық футболшылар өздерін жақсы жағынан көрсетті, бірақ Екінші лиганың күнтізбесі толыққанды жиын өткізуге мүмкіндік бермейді деп ойлаймын. Ұлттық құраманың сапында ойнау қосымша серпін береді, өйткені сен өз еліңнің командасы сапында махаббатпен ойнайсың. Мүмкін, бұл турнирде жолдымыз болмай, сәттілік жетіспеген шығар, бірақ біз соңына дейін күрестік.