Қазақстан U-21 жастар құрамасының және Алматылық «Қайраттың» қақпашысы Данил Устименко Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметіне берген сұхбатында македондықтармен болатын матчқа дайындық барысы туралы айтып берді.
- Данил, Македонияға қарсы ойынға команданың дайындығы қандай?
- Команда жекпе-жекке дайын! Барлық команда оң нәтижеге бағдарланған. Ұжымда тату атмосфера. Барлығы ел үшін күресуге дайын.
- Сен Скопьеде македондықтарға қарсы ойнадың. Есіңізде ме, бұл қалай болды?
- Есімде, бұл 2016 жыл болды. Сол кезде 17 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы «УЕФА Дамыту Кубогы» халықаралық турниріне қатысты. Ол кезде біз македондықтармен тең ойнадық-0:0. Тең футбол болды, бірақ та бізде жеңіс әкелетін гол соғатын сәттер болды.
- Македондықтар құрамынан қай ойыншы ерекше есіңде қалды?
- Ойыншыларының есімі есімде жоқ, бірақ олардың мықты орталық шабуылшысы есімде қалды. Жоғарыдағы барлық күресті жеңді. Тіпті, қазір жастар құрамасына ойнап жүр ма білмеймін.
- Қарсылас туралы не айтасыз?
- Олар біздің топтың көшбасшылары. Мықты және дөрекі футбол ойнайды, арандатуға да бара алады. Біз бұған жол бермеу керек екенін білеміз, өз ойынымызды ойнап, жоспарды ұстану қажет.
- Біздің команданың жаттығулары қалай өтуде?
- Олар қарқынды және пайдалы. Біртіндеп ойынға жақындап келеміз. Егер де өз футболымызды ойнайтын болсақ, нәтиже оң болады.
Дерек көзі: KFF