«Қайрат» пен U-21 Қазақстан құрамасының қақпашысы Данил Устименко KazFootball.kz берген сұхбатында коронавирусқа байланысты карантин кезеңінде немен айналысып жатқанын айтты және де өзінің жеке мақсаттарымен таныстырды.
- Жағдайың қалай, айтып берші? Бұл күндері немен айналысып жатырсың?
- Жағдайым жақсы, күні бойы үйдемін, себебі қалада барлығы жабық және карантинде.
- Физикалық формаңды қалай қалыпта ұстап тұрсың?
- Командадағының бәріне жүгіру жоспары таратылды. Саябақта жүгіремін, үйде әр түрлі жаттығуларды орындаймын.
- Сәуір айының ортасына дейінгі үзіліс - бұл команда үшін плюс па немесе минус па?
- Менің ойымша, бұл команда үшін минус, өйткені чемпионат енді ғана басталды. Барлық ойыншылар енді ғана ойын қарқынына кіре бастады.
- Осы маусымда Покатиловтан кейінгі команданың екінші қақпашысы болдың. Бір кездері ол сенің кумирің болғаны рас па?
- Иә, бұл шындық. Ал қазір кумирім емес, команда бойынша серіктесім.
- Ал әлемдік деңгейдегі қақпашылардың қайсысы саған ұнайды және неге?
- Марк-Андре тер Штеген және Мануэль Нойер. Маған олардың аяқпен ойнағаны және сызықтағы ойындары ұнайды.
- «Шахтермен» болған матчта не жеткіліксіз болды (0:1)?
- Ойынға пікір айта алмаймын. Ойнамаған кезде бірдеңе айту оңай.
- Команда елде төтенше жағдай режимін енгізгенін қай уақытта білді? Бұған футболшылар қалай қарады? Бұл жаңалық «Шахтермен» болған ойынға психологиялық жағынан әсер етті ме?
- Чемпионаттағы үзіліс туралы біз ойынға дейін білдік. Ойынға еш әсер еткен жоқ, біздің команда әр ойынға жеңіс туралы оймен шығады.
- Командадан көптеген көшбасшылар кетті. Гафуржан Суюмбаевтан басқа, командалық рухты кім қолдап, ұжымды біріктіреді?
- Біреуді бөліп айту қиын. Барлық команда осы командалық рухты қолдайды.
- Сенің алдыңда қандай мақсаттар тұр?
- Осы маусымда дебют жасау, бірақ бұл үшін талмай жұмыс істеу керек.
- Неге сен 30-шы ойын нөмірін таңдап алдың және де оны осы маусымда қалдыруға шешім қабылдадың?
- Өткен жылы осындай нөмір берілді, ал биыл өзгерткім келмеді.