«Қайрат» жастар командасының қақпашысы Данил Устименко клубтың ресми сайтына қостанайлық «Тобылдың» дублімен өткен матч жайында айтып берді.
–– Шаршаңқырағанымыз сезілді. Қазір көптеген ойыншылар уысымсыз ойнап жүр, осы маусымда матчтар көп және қалпымызға келуге уақыт жетіспей жатыр. Аптасына екі ойын ойнау қиын. Гол соғатын мүмкіндіктер көп болды, бірақ сәттілік жолдас болмады.
Осыған қарамастан, команда маусымды тамаша бастады, бізде жаңа, жас команда құралған. Бұл жеңіліс үлкен сабақ болады. Өздеріңіз де білесіздер: жеңіліссіз жеңіс келмейді! Ойынды сараптамадан өткізіп, нәтиже шығарамыз және келесі матчтарға дайындаламын. Алға ұмтылу үшін артқа бір қадам жасадық.