Бүгін өзінің 19-ға толған туған күнін «Қайрат» ФК-ның қақпашысы Данил Устименко атап өтуде.
Өзінің таланты мен қажырлы еңбегінің арқасында жас футболшы, «Қайрат» академиясының түлегі бірінші командаға жолдама алды. Саша Марттың басшылығымен, Владимир Плотников және Стас Покатилов сияқты мамандармен жұмыс істеп жүрген Данил тез тәжірибе жинап, шеберлігін қосуда. Осы маусымда «Қайрат-Жастар» командасында ойнап, қақпашы 246 минут бойы бірде-бір соққыны жібермеді. Оған қоса,Устименко Бірінші лиганың үздіктер құрамасына кірді.
Клубтағы жетістіктерінен бөлек, Данил үнемі жастар құрамасына шақырту алып жүр.
«Қайрат» футбол клубының ұжымы Данилды туған күнімен құттықтап, мықты денсаулық, үнемі алға жылжуды және командамен үлкен жеңістерге жетуді тілейді.