«Қайрат Ж» жастар командасының шабуылшысы Дамир Битусупов «Жетісудың» дубльдік құрамына қарсы минималды жеңіс туралы пікірін айтты.
- «Жетісуды» минималды есеппен ұттық, маңыздысы үш ұпай еншіледік. Матч ауыр болды ма?
- Матч ауыр болды, тек жеңіс үшін ойнадық. Себебі өз алаңымыздағы соңғы матчтар ойдағыдай болмаған еді. Кез келген жағдайда жеңіске жету керек болды. Ойын туралы: қарсылас қақпасына көп мүмкіндік жасалды, сенімдірек ұтуға да болатын еді. Маңыздысы – үш ұпай.
- Команданың бас бапкері Кирилл Кекер кеше туған күнін атап өткен еді: оған жеңіс сыйлағыларың келген шығар?
- Бапкеріміз галстук сыйлаудың керегі жоқ, оны тақпайтынын айтты. 3 ұпай сыйлауға тура келді (күліп).