«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Чума Анене: «Команда мінезін танытты»
Қайрат

Чума Анене: «Команда мінезін танытты»

29 апреля 2018
/ 00:00

«Қайраттың» шабуылшысы Чума Анене «Ертіс» қақпасына соғылған жеңіс голының авторы атанды. Ойыннан кейін Чума клуб баспасөз-қызметіне берген сұқбатында өз әсерімен бөлісті.

–– Біз Павлодарға келіп, жеңіс үшін күрестік. Нағыз мінезімізді таныттық. Бұл жеңіс бізге жақсы көңіл-күй сыйлайды.

Иә, мен жеңіс голын соқтым және біз жеңіске жетеміз деген ойдар арылған жоқпыз. Бұл тамаша сезім. Гол соғу – өте маңызды, бұл менің қолымнан келетін нәрсе. Сен гол соққан кезде, бұл саған сенімділік береді. Әрине, ол көмектеседі.

Талмай еңбек етуімізді жалғастыра беруіміз керек. Өзімізден не күтетінімізді білеміз. Біздің жанкүйерлеріміз бізге қашан да сенім артады. Оларға команданы қолдауын жалғастырып, сенім артуы қажет. Себебі біздің қолымыздан бәрі де келеді. 

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»