«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

«Чайка»: қарсыласпен таныстырайық
Қайрат

«Чайка»: қарсыласпен таныстырайық

05 января 2019
/ 00:00

«Қайраттың» баспасөз-қызметі клубпен Түркиядағы оқу-жаттығу жиындарында жолдастық матч өткізетін қарсыластар туралы материалдар сериясын бастайды.

Алматылықтардың алғашқы қарсыласы Ростов Облысы Песчанокопское ауылының намысын қорғайтын «Чайка» клубы болмақ, команда мәртебесі бойынша Ростов-на-Донудағы екінші кәсіпқой клуб саналады. Клуб ресейлік футболдың үшінші дивизионында ойнайтынына қарамастан, «Чайка» өз жетістіктерімен мақтана алады.

Қазіргі таңда клуб 16 турдан кейін «Оңтүстік» аймағында турнир кестесінде көш бастап келеді. Ростовтықтар жоғарғы дивизионға көтерілуді ойлап, ҰФЛ-ға жолдама алуды мақсат қылып отыр. Клуб қожайыны әрі жас бизнесмен Андрей Чайканың айтуынша, жақын арада клуб Ресей Премьер-лигасына шығуды ойлап отыр.

«Чайка» 1997 жылы құрылған, аймақтық лигалардан өтіп, Ресейдің кәсіпқой дивизионы – КФЛ-ге қатысуға мүмкіндік алды. Команда Песчанокопское ауылында орналасқан, өз матчтарын 3000 көрермен сыятын Орталық стадионда өткізеді. Клубтың бюджеті, шамамен, 110 миллион рубльді (1 637 000 доллар) құрайды.

Команданың бас бапкері қызметін ресейлік жас маман Виталий Семакин атқарады. Былтырғы жылы қыркүйекте «Чайка» Ресей кубогы аясында Премьер-лига командасы «Анжимен» кездесіп, махачкалалық клубқа 1:2 есебімен жол берді. Клуб жылдам қадамдармен дамып келеді, жақын арада өз Академиясын салуды жоспарлап отыр.

Transfermarkt ақпаратына сүйенсек, «Чайканың» құрамы 4,10 миллион еуроны құрайды. Ресейлік клуб сапындағы ең қымбат ойыншы – 25 жастағы форвард Александр Подбельцев. Оның құны 450 еуро саналады. Команда сапында ешқандай легионер жоқ, тек ресейлік футболшылармен ойнайды.

Екі азаматтығы бар жалғыз ойыншы тек – 19 жасар грузин Николай Гиоргобиани. «Чайка» құрамындағы ең егде футболшы 23 жастағы орталық шабуылшысы Максим Обозный саналады.

«Қайрат» пен «Чайка» арасындағы жолдастық матч 30 қаңтарда Түркияда өтеді. Алдағы кездесудің барысын алматылық клубтың ресми ресурстарынан қарауға болады. 

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»