«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

C. П. Квочкин атындағы Академияда «Мектеп лигасының» ақтық кезеңі басталды
Клуб жаңалықтары

C. П. Квочкин атындағы Академияда «Мектеп лигасының» ақтық кезеңі басталды

16 мая 2019
/ 00:00

С.П. Квочкин атындағы «Қайрат» футбол клубы Академиясының алаңында дәстүрлі «Мектеп лигасы» финалдық кезеңі басталды.

«Мектеп лигасының» финалдық кезеңіне Алматының сегіз ауданынан - Алатау, Алмалы, Әуезов, Бостандық, Медеу Наурызбай, Түрксіб және Жетісу ауданының оқушылары төрт жас санаты (2009, 2010, 2011 және 2012 жылы дүниеге келгендер) бойынша сынға түсті.

«Қайрат» футбол клубы үш жыл қатарынан ұйымдастырып отырған сайысқа 32 оқу орнынан 320 оқушы қатысуда. Үздіктер Шымкентте, Нұр-Сұлтанда және Қарағандыда өтетін республикалық турнирге жолдама алады.

Дінмұхамбет Сүлейменов, футзалдан Қазақстан құрамасының капитаны: «Екінші жыл қатарынан менің ұлым Санжар «Мектеп лигасына» қатысып жатыр. Өткен турнирде Санжар қатысқан команда бірінші орын алды. Ұлымның футболға қызығатыны мені қуантады. Оған қорғаныстағы ойын ұнайды».

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»