Ташкенттегі оқу-жаттығу жиыны аясында «Қайрат» ФК Академиясының 2002 жылғы тәрбиеленушілерден құралған командасы «Бунедкордағы» құрдастарынан айласын асырды.
Бұл жолы «сары-қаралардың» қарсыласы «Бунедкор» Академиясындағы құрдастары болды, олар өз жасы бойынша Өзбекстандағы үздіктердің бірі саналады. Кездесу «Бунедкор» ФК базасында өтті.
К. Морунов пен М. Гуликтің командасы матч барысында екі рет артта болды. Алаң иелері 2:2 кезінде қорғаныста ойнады, бірақ олар алматылықтардың шабуылын тоқтата алмады. «Қайраттықтар» матч соңында жеңіс голын соқты.
Нәтижесінде «Қайрат» 3:2 есебімен жеңіске жетті.