«Қайрат» әрқашан өз философиясына адал: жастарға жол беріп, өз ойыншыларын дамыту.
Сіздерге қуанышты хабарды жеткізгіміз келеді, «Қайрат-Жастар» құрамынан 9 ойыншы негізгі команданың оқу-жаттығу жиынына шақырылды, ол 15 желтоқсаннан бастап біздің Бесағаштағы спорт базамызда өтеді.
Шақырылған ойыншылардың тізімі:
Қақпашы: Шерхан Қалмұрза;
Қорғаушылар: Әмірбек Базарбаев, Алихан Исраилов, Данияр Ташпулатов;
Шабуылшылар: Абулхайыр Абдрахманов, Азамат Туякбаев;
Шабуылшылар: Дастан Сатпаев, Исмаил Бекболат, Рамазан Бағдат.
Біз өз түлектеріміздің алғашқы қадамдарына өте қуаныштымыз! Алға, жігіттер!

«Қайрат» академиясының 11 ойыншысы – Қазақстан WU-17 қыздар құрамасында
17 марта 2025
/14:00