«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Blind Football «Қайратпен» бірге
Клуб жаңалықтары

Blind Football «Қайратпен» бірге

01 февраля 2019
/ 00:00

Халықаралық паралимпиада комитетінің президенті Эндрю Парсонс «Қайрат» ФК штаб-пәтерінде қонақта болып, ол Blind Football «Қайрат» командасының ойыншылары және бапкерлерімен танысты.

Жоба көзі нашар көретін немесе соқыр болғанына қарамастан, футболмен айналысқысы келетін спортшыларға осы салада бейімделуіне көмектесу үшін құрылды. Бүгінгі таңда Blind Football «Қайрат» Қазақстан Республикасында осындай саладағы бірінші және әзірше жалғыз жоба саналады.

- Алматылық «Қайраттың» құрылымында салынған керемет спорттық нысандар және команданың резервін дайындауға арналған жүйелік бағдарламамен қатар, мұнда Blind Football халықаралық әлеуметтік жобасының жоғары деңгейде жүзеге асырылғанын атап өткім келеді, - дейді Халықаралық паралимпиада комитетінің президенті Эндрю Парсонс. – Қайраттықтардың біз үшін осындай маңызды және ортақ іске келгенде мейірімділігі мен мұқият көзқарастары қуантады. Мені команданың тарихымен, ойыншылармен және бапкерлерімен таныстырып, жаттығу тәртібі мен болашақ мақсаттары туралы айтып берді. Біз осы тұрғыдағы ынтымақтастық жалғасады деп күтеміз. Жақын арада біздің тараптар арасындағы тәжірибе алмасу тұрақты, әртүрлі және кең деңгейге жетеді.

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»