Түркия ареналарында «сары-қаралар» жаңа ресми маусымға дайындығын жалғастырып жатыр.
Осы маусымаралық үзілістегі «Қайраттың» екінші оқу-жаттығу жиыны жаттығу залындағы жұмыспен басталып, ол теориялық сабаққа айналды.
«Қайраттың» аға бапкері Алексей Шпилевский осы дайындық процесінің жоспарын айтқаннан кейін ойыншылар көгалда жұмыс істеуге кірісті.
Ұзаққа созылған құйынды жаңбыр мен ұйытқыған желге қарамастан, жаттығу көтеріңкі көңіл-күймен өтті. Тәжірибелік жұмыс барысында ойын байланысын жөндеу мен «тегістеуге», сонымен қатар, алаңдағы ойлау жылдамдығына жаттығу жасауға басты көңіл бөлінді.
«Қайрат» қақпашыларының квартеті түрлі комбинациялардағы әрекеттер, қақпа сызығындағы ойындар, реакция жылдамдығы бойынша жұмыс істеді. Естеріңізге сала кетсек, енді «сары-қаралардың» қақпашылары Австриядан шақырылған арнайы бапкер Саша Марттың қол астында жаттығады.
– Жаттығу жемісті болды, – дейді Саша Март. – Ауа-райы желді болып, біз жаңбыр астында қалсақ та, команда жақсы көңіл-күймен жаттықты. Бәрі өздеріне жағымды заряд алды, өйткені олар өте көп еңбек етті және пайдалы жұмыс жасады. Осындай көңіл-күймен жалғастыра береміз деп күтеміз.