«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Бір саты жоғары
Қайрат

Бір саты жоғары

09 мая 2018
/ 00:00

«Қайрат» өз алаңында «Ордабасыдан» айласын асырды.

«Қайрат» - «Ордабасы» - 2:0

Голдар: Исаэль, 17, Сильвейра, 70

«Қайрат»: Стас Покатилов (Қ), Ғафуржан Сүйімбаев, Нұралы Әліп, Шелдон Бато, Станислав Лунин, Хуан Фелипе, Исламбек Қуат, Бауыржан Исламхан (К) (Парагульгов, 75), Андрей Аршавин (Иличевич, 83), Исаэль Барбоза, Чума Анене (Уго, 45) 

Қосалқы құрамы: Владимир Плотников (Қ), Ян Вороговский, Георгий Жуков, Айбол Әбікен, Александр Соколенко, Вячеслав Швырев 

«Ордабасы»: Жасур Нәрзіқұлов (Қ), Хрвое Спахия, Пабло Фонтанелло, Ұлар Жақсыбаев, Мардан Төлебек (К), Тимур Досмағамбетов, Абдуллай Диакате, Кирило Ковальчук, Никита Бочаров, Еркебұлан Тұңғышбаев, Даниель Бертольо

Қосалқы құрам: Бекхан Шайзада (Қ), Талғат Адырбеков, Джамбули Джигаури, Қайрат Әшірбеков, Самат Шәмші, Виталий Ли, Әлішер Сүлей, Бекжан Әбдірахман, Иван Нагаев.

Тоғызыншы турдың орталық матчы жанкүйерлердің күткеніндей болды. Есеп ірі болмаса да, екі команда да жарқын ойын көрсетті.

Матчтың алғашқы минуттарында «Қайрат» белсенді онады. Ойынның үшінші минутында алматылық команда үш рет бұрыштамадоп көтерген, бірақ «Ордабасының» қорғанысы сауатты ойнады. «Қайраттың» бразилиялық жартылай қорғаушысы Исаэль Барбоза кездесудің 17-минутында алыстан жойқын соққы жасап, Нәрзіқұлов қақпасынан саңлау тапты – 1:0.

Қонақтар бұған қауіпті шабуылмен жауап қатты: «Ордабасы» қақпаға соққы бағыттауға тырысқан – Әліп соққыны қақпаға дарытпады. Бірінші таймның аяғында «Қайрат» ойыншы алмастырды – Чума Анененің орнына алаңға уругвайлық Уго Сильвейра шықты.

Матчтың екінші жартысы да «Қайраттың» басымдығымен өтті. «Сары-қаралар» Нәрзіқұлов қақпасын торуылдауын жалғастырды, ал шымкенттіктердің қорғанысы қате жібермей, сыр бермеді. Кездесудің 70-минутында Андрей Аршавин «Ордабасының» айып алаңына пас асырған, Исаэль Барбоза допты команда шабуылшысы Уго Сильвейраға қалдырды. Уругвайлық мүлт кетпеді – 2:0. 

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»