«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» — «Олимпия» матчының билеті сатылып жатыр!
Қайрат

«Қайрат» — «Олимпия» матчының билеті сатылып жатыр!

27 июня 2025
/ 12:12
15 шілде сағат 20:00-де Орталық стадионда командамыз УЕФА Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңіндегі қарымта ойында словениялық «Олимпиямен» кездеседі.
Билетті Qairat SuperApp мобильді қосымшасында сатып алуға болады.
Қауіпсіздік мақсатында билет сатып алу кезінде ЖСН немесе төлқұжат деректерін көрсету қажет. Билет қайтарылмайды.
Маусымдық абонемент иелері 1 шілдеге дейін өз орындарын бірінші кезекте сатып ала алады!
Билетті алыпсатардан сатып алмауыңызды сұраймыз. Мұндай билет жарамсыз деп танылуы мүмкін. Матчқа кіре алмай қалуыңыз және өз орныңыздан айырылып қалуыңыз ықтимал. Бұл жанкүйерлерге де, ұйымдастырушыларға да қолайсыздық тудырады.
Билет сатып алу кезінде қиындық туындаса, мына нөмірлерге хабарласыңыз: +7 708 235 6355, +7 707 811 9647
Стадионға бірнеше сағат бұрын келуге кеңес береміз. Кезекке тұрмай-ақ үлкен футбол атмосферасын толық сезініңіз.
arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»