Астанада Қазақстан мен Әзірбайжан жастар құрамалары арасында жолдастық матч аяқталды. «Қайраттың» жартылай қорғаушысы Айбол Әбікен Әзірбайжан жастар құрамасының қақпасына гол соқты. Ойыншы кездесудің 80-минутында пенальтиден көзге түсіп, таразы басын теңестірді. Матч 1:1 есебімен аяқталды, әзірбайжандықтардан Сертан Ташкын қанжығасын майлады.
Рафаэль Уразбахтин: «Менің арманым орындалды»
20 ноября 2024
/15:48