Алматылық «Қайраттың» жартылай қорғаушысы Айбол Әбікен Кәсіпқой футбол лигасының нұсқасы бойынша Қазақстан Премьер-лигасы 1-ші турының символикалық құрамына енді.
Әбікен тараздықтарға қарсы ойында бар жанын салды. Жас ойыншы алаң ортасында жалғыз өзі жасындай жарқылдады, ал екінші таймда жойқын соққы жасап, матч тағдырын шешіп тастады. Пастардың дәлдігі – 86%, 26 рет жекпе-жекте жеңіске жеткен, қарсыластың 14 пасына бірінші жеткен, допты 14 рет тартып алды, нәтиже, шынын айтқанда, тамаша. Іс-әрекеттер индексі – 298.
Дереккөз: pflk.kz