Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станимир Стоилов Ұлттар лигасына шақырту алған футболшылар тізімін жариялады.
24 ойыншыдан құралған тізімге «Қайраттың» бес ойыншысы енді: Владимир Плотников, Ғафуржан Сүйімбаев, Бауыржан Исламхан, Исламбек Қуат пен Георгий Жуков. Қосалқы тізімге алматылықтардың қорғаушысы Нұралы Әліп енді.
Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасы аясында 15 қарашада Астанада Латвия командасымен кездеседі, ал 19 қарашада Грузиямен ойнайды.