«Қайрат» құрамында алты маусым ойнаған, Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Біріккен Араб Әмірлігінің «Аль-Айне» командасында мансабын жалғастырады.
Естеріңізге сала кетейік, еліміздің үздік жартылай қорғаушысының «сары-қаралармен» келісім-шарты 31 желтоқсанда аяқталды, бірақ Бауыржан формасын қалыпта ұстау үшін клубтың Алматыда өткен бірінші оқу-жаттығу жиынында командамен бірге жаттықты. Содан кейін ол еркін агент дәрежесінде Катардағы «Зениттің» ОЖЖ-да бірнеше күн өткізді.
Еліміздің екі дүркін үздік футболшысы, төрт дүркін Қазақстан Кубогының иегері «Қайраттың» жейдесінде 223 матч өткізді. Оларда Қазақстан құрамасының капитаны 64 гол соғып, 61 нәтижелі пас берді.
«Қайрат» клубының үлкен отбасы Бауыржанға жаңа клубта сәттілік тілейді! Рахмет, Бато!