«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Бауыржан Исламхан: «Ертеңгі ойында 90 минут бойы тер төгуге дайынмын»
Қайрат

Бауыржан Исламхан: «Ертеңгі ойында 90 минут бойы тер төгуге дайынмын»

08 июня 2019
/ 00:00

Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Бауыржан Исламхан Бельгиямен ойын алдында баспасөз кофнеренциясында БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап берді. 

— Бауыржан, өзіңізді қалай сезінудесіз? Команда ойынға дайын ба?

— Алған жарақатымнан толық айықтым десе болады. Алаңға шығатын кез келді. Құрама сапына шақырған бас бапкерге алғысымды айтамын. Командамыз дайын, лайықты ойын өрнегін көрсетуге, жақсы нәтижеге жетуге тырысамыз.

— «Руа Бодуэн» алаңына қандай баға бересіз?

— Біз бұл алаңда әлі жаттықпадық. Жақында арада сапасын бағалайтын боламыз.

— Бельгия құрамасының жейдесімен алмасуға ниет бар ма? Кімнің жейдесін алғыңыз келеді?

— Біз алаң иелерімен тайталасуға келдік. Лайықты ойын көрсеткіміз келетінін тағы да қайталаймын. Жігіттердің дайындығы өте жақсы. Кімнің жейдесін алғым келеді? Тіпті білмеймін, ол туралы ойланбаппын. 

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»