«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Бауыржан Исламхан: «Біздің құрамаға тек жақсы нәтиже қажет»
Қайрат

Бауыржан Исламхан: «Біздің құрамаға тек жақсы нәтиже қажет»

05 сентября 2019
/ 11:00

Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Бауыржан Исламхан ойын алдындағы баспасөз мәслихатында журналистердің сұрақтарына жауап берді.

- Бауыржан, команда ішіндегі жағдай? Кипрге біздің ойыншылар бірінші рет келіп жатқан жоқ, сондықтан да  олардың ойынға дайындығын білгіміз келеді?

- Кипр құрамасы-өте жақсы команда. Менің ойымша, біздің футболшыларымыз ертеңгі ойынға дайын, ойын біздің дайындықтың қаншалықты жақсы екенін көрсетеді.

– Бұған дейін Қазақстан құрамасы Кипрмен екі жолдастық кездесу өткізіп, екі рет есе жіберіп алды. Қазақстан ертең реванш алуға дайын ба?

– Біз өтіп кеткенге қарамай, алдағы ойынға нақты дайындаламыз. Қазір Қазақстан құрамасына топтан шығуға тамаша мүмкіндік бар, сондықтан да біз қарсыласты жеңу үшін бар күш-жігерімізді жұмсаймыз. Ертең бізге тек жақсы нәтиже қажет.

- Кипр құрамасының құрамынан кімді ерекшелеуге болады?

Мен тек бір футболшыны айта алмаймын, себебі футбол-командалық ойын. Қайталаймын, Кипр құрамасы мықты қарсылас.

Дерек көзі: KFF

 

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»