Бауыржан Исламхан аяқталған маусымда 27 матч өткізіп, жеті гол соқты, 10 нәтижелі пас берді.
Екінші орында үздік ассистенттер қатарында Конрад Вржещиньский - ол сегіз рет голдық пас берді. Польшалық хавбек 29 матч өткізіп, 3 гол соқты. Голдық пастардың саны бойынша үшінші орынға «Қайраттың» қатарынан төрт ойыншысы: ҚПЛ-2019 үздік мергені Адеринсола Эсеола, 36 матчты (команданың алаң ойыншылары арасындағы рекорд) өткізген Дино Миканович, клубтың басты «зеңбірегі» Ғафуржан Сүйімбаев, сондай-ақ «сары-қаралардың» жас ойыншыларының бірі Сұлтанбек Астанов. Аталған ойыншылар төрт голдық пас берді.
Естеріңізге сала кетейік, Бауыржан Исламхан 2019 Премьер-лигасының үздік жартылай қорғаушысы атанды.