«Хапоэль» ФК бас бапкері матч алдындағы баспасөз мәслихаты аясында БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.
- «Қайрат» ФК қарсы екінші матч қарсаңында сіздің командаңыз қаншалықты өз-өзіне сенімді?
- Әр матчтың алдында біз ең жақсы ойынға үміттенеміз. Өзіміздің барымызды көрсеткіміз келеді. Бізді ертең өте қиын қарсыласқа қарсы матч күтіп тұрғанын түсінеміз. «Қайрат» әдеттегідей өз үйінде жақсы ойын көрсететінін білеміз.
- «Қайраттағы» қай ойыншыдан үрейленесіз?
- Бізде үрей жоқ. Ешкімді бөліп жармаймыз. Біз бірінші матчта да «Қайраттың» керемет дайындығы бар команда екенін көргенбіз. Қазақстанда маусымның ортасы, команданың бір-бірін түсінуі өте жақсы. Біз кез-келген сценариге дайын болуымыз керек.
- Тактикалық тұрғыдан ертеңгі ойын бірінші ойыннан қаншалықты өзгеше болады?
- Көбісі ойынның қалай басталатындығына байланысты. Жағдайға қарай әрекет етеміз. Бір нәрсеге ғана уәде бере аламын, біз алдыңғы аптадағы ойыннан әлдеқайда сапалы ойын көрсетуге тырысамыз. Біз барлығына дайынбыз.
- Егерде сіз барлық жағдайға дайын болсаңыз, пенальтиді кімдер соғуы мүмкін екенін шештіңіз бе? «Қайрат» 2:0 жеңсе.
- Біз 90 минуттан кейін не болатынын ойламаймыз. Біз мәселені пайда болғанына қарай шешеміз. Егер де пенальти болса, ойын барысында бұл сұрақты шешеміз.