«Хапоэль» командасының бас бапкері матчтан кейінгі баспасөз мәслихатында, «Қайратпен» ойын жайлы өз ойымен бөлісті.
- Бүгін бізде көп нәрсе жүзеге аспады. Біздің ақылды футболды ойнамадық, жылдам шабуылға ауыса алмадық. Көңілім толмады. Бірақ, біз қойылған мақсатты орындадық. Біз өз мақсатымызға қол жеткіздік.
- Сіздің ойыңызша «Қайрат» шынымен де өрескел әрекет етті ме? Барлық сары қағаздар орынды ма? Немесе төреші сақтанды ма?
- Мен қарсыластардың ойыншылары жайлы, төрешілер жайлы айтқым келмейді. Өз командамның әрекетіне ғана есеп бере аламын.
- Бірінші таймға қараған кезде, команда «функционалды шұңқырда» болғандай көрінді. Әлде, команданың бәсең ойыны ойынға берілген бағдар ма?
- Менің командама қиын болды. Ауа райы, ұшу әсер етті. Сол үшін футболисттер шаршаңқы көрінді. Ойын да жүрмеді, бірақ ақыр соңында біз көздегенімізге жеттік.
- Сіздердің голдарыңызды еске түсірейік. Көмекші жалауша көтеріп, төреші голды есепке алмағанда, сіз төрешіге не айттыңыз?
- Біз доптың қорғаушының аяғына тигенін көріп, төрешінің ойын білу ішін оған қарай жүгірдік. Голды есепке алғанда қатты қуандық.
- Сіздердің ойыншыларыңыз өрескел ойнады. Футболист Мартон Эппельді ұрған кез де болды. Жалпы «Хапоэль» футболдық этиканы сақтамады.
- Алаңда ерекше ешнәрсе көрмедім.