«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Балалар мейрамы
Қайрат

Балалар мейрамы

01 июня 2018
/ 00:00

Премьер-лиганың 13-ші турындағы «Қайрат» пен «Ақтөбе» матчы Халықаралық балаларды қорғау күні мен Футбол және достық күніне арналды. Балалар мейрамы алдында мүмкіндігі шектеулі балалар мен жасөспірімдерге арналған «Мейірім» айықтыру орталығымен бірге акция өтті.

Перфоманс аясында алматылық «Қайраттың» футболшылары матчқа балалардың суреті салынған жейдемен шықты, сонымен қатар, Орталық стадионның таблосында әдеттегі негізгі құрам таныстырылымы емес, сары-қаралар командасы ойыншыларының суреттері шықты.

Біздің футболшыларымыздың суреттерін салғандар: Каблакатова Камила мен Карина (13 жас), Амангелді Темірлан (13 жас), Лисицкий Артем (10 жас), Әділбекова Фариза (8 жас), Ливеннцов Артем (6 жас). Балаларға көмектескендер: Алуа Дүйсенбек, Мия Олай және белгілі француз суретшісі Алексис Шомар Стрелец.

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»