«Қайрат» Алматы мен Талғар қалаларының балалар үйлері арасында футболдан турнир өткізді.
Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Алматыда жыл сайынға футболдан үлкен турнир өтті. Оған қатысқандар: №1 облыстық балалар үйі, «Нұр» балалар үйі және «Ковчег» балалар үйі.
Турнир «Қайрат» ФК-ның Сергей Прокопьевич Квочкин атындағы Академиясының алаңында өтті, клуб атынан барлық балалар үйлеріне тұрмыстық техника сыйға берілді. Футбол ойынынан бөлек, балалар үшін түрлі тамақтардан фуршетті стол қойылып, біздің әріптестеріміз «McDonalds Kazakhstan» мейрамханалар желісі мен «Tess» шәйінің атынан сыйлықтар берілді.