БАҚ беттерінде «Қайрат» ФК Еркебұлан Тұңғышбаев үшін 1 млн $ төледі деген ақпарат шындыққа жанаспайды.
«Қайрат» ФК баспасөз-қызметі Еркебұлан Тұңғышбаевтың Халық командасына еркін агент ретінде қосылғанын ресми түрде хабарлайды.
Осылайша, «Қайрат» пен шымкенттік «Ордабасы» ФК арасында осы ойыншыға қатысты 1 млн АҚШ долларын құраған келісім туралы ақпарат дәлелі жоқ тұлғалардың ойдан шығарғаны.
Бауыржан Исламхан, Ғафуржан Сүйімбаев пен Стас Покатиловтің трансферлеріне келер болсақ, олар жазған «аз ақшаға сатып алынған жоқ» деген авторлық бағасы нақты дәлелмен сүйемелденбеген.
Осылайша, аталған футболшылардың трансферлік ауысымдарына қатысты сомалар мен қаржылық бағалары жарияланған ақпарат шындыққа жанаспайды, олар дәлелденбеген жаңалықтарды жариялаған.