«Қайрат» ФК Еуропа лигасының матчтарында жұмыс істеу үшін журналистерді аккредиттеуді бастайды.
Еуропа лигасының бірінші іріктеу кезеңіндегі ойын 19 шілдеде Алматыдағы «Орталық» стадионда өтеді.
Тіркеу құжатын алу мақсатында сіздің кандидатураңызды қарау үшін press@fckairat.kz электрондық мекен-жайға әр делегат үшін мына мәліметтерді жеке жіберу қажет:
1) Ұйымның аты.
2) БАҚ-тың түрі және аты.
3) Делегаттың аты-жөні мен қызметі.
4) Делегат ұсынылған ұйымның мөрі және редакциялық тапсырмамен қатар, бас редактор / жетекшінің қолтаңбасы.
5) Байланыс құралы (міндетті түрде эл. поштаның мекен-жайы және ұялы телефон нөмірі).
6) 3х4 см көлем мен сандық форматтағы жақсы сапалы фотосурет. Ақ фонмен болғаны абзал.
Сұраным жіберу уақыты 22.06.2018-жен 03.07.2018 уақытына дейін.
БАҚ тіркелген жағдайда мына үлестер қарастырылған:
- баспалық БАҚ-тан – 1 журналист + фотокорреспондент
- ТВ / Радио редакциясынан – 2 журналист + оператор
- ақпараттық агенттіктерден – 1 журналист + фотокорреспондент
- электрондық БАҚ-тан – 1 журналист + фотокорреспондент.
Аккредитацияның болуы мыналарға кепілдік береді:
1. Матч болатын күні стадионға кіру;
2. баспасөз ложасынан орын;
3. матч басындағы хаттама;
4. матчтан кейінгі баспасөз-мәслихатына қатысу.
БАҚ өкілдері Орталық стадионның 11-подъеді арқылы кіреді. Матч барысында журналистер мен видеооператорлар баспасөз ложасында болуы тиіс, ал фотокорреспонденттер ерекше манишкамен алаң жиегінде фотографтардың орнында болады.
«Қайрат» футбол клубы мынандай жағдайларда журналисті тіркеуден бас тартады:
- Тіркеуге сұраныс жібергенде тәртіптің бұзылуы
- Шындыққа жанаспайтын ақпараттар таратылуы
- журналистің редакцияда жұмыстан шығуы (бұл жағдайда редакция басқа журналисті тіркей алады)
- бұқаралық ақпарат құралының өз жұмысын тоқтатуы
- матч немесе баспасөз-мәслихаты барысында стадионда қандай да бір ереженің бұзылуы.
Айта кетейік, ескі аккредитациялар Еуропа лигасының матчтарында жарамсыз. Аккредиттелетін адамдар саны шектеулі.