«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Бағдәулет Жүзбай: «Футболды қатты сағынып қалдым»
Каталог Новостей

Бағдәулет Жүзбай: «Футболды қатты сағынып қалдым»

20 августа 2018
/ 00:00

«Қайрат» жастар командасының шабуылшысы Бағдәулет Жүзбай «Рузаевка» қақпасына соғылған жеңіс голының авторы атанды. Ұзақ уақыт алаңға шықпаған Бағдәулет айығып, жаңа маусымдағы алғашқы голын соқты.

Матчтан кейін шабуылшы клубтың ресми сайты қойған сұрақтарға жауап берді.

- Бағдәулет, біріншіден, ұзақ уақыттан кейінгі соғылған алғашқы голыңмен құттықтаймын. Өзіңді қалай сезініп жүрсің?

- Физикалық жағынан өзімді жақсы сезінемін. Әрине, ұзақ уақыт үзілістен кейін сезімдер мүлдем өзгеше, алайда алаңға оралып, гол соғу – әрдайым рахат сезім ғой, сол себепті соғылған гол көп көмектесті деп айта аламын.

- Футболды қатты сағынған шығарсың?

- Иә, қатты сағындым. Жарақат алып, трибунада отырған кезімде жігіттермен бірге алаңға жүгіріп шыққым келетін еді.

- Айта кету керек, «Рузаевканы» сенің бұрынғы бапкерің Максим Шевченко жаттықтырады. Оның командасымен ойнарда ерекше эмоциялар болды ма және ол матчтан кейін саған бірдеңе айтты ма?

- Оны жеңіп алғым келді, ал матчтан кейін ол: «гол соғуыңды доғар» деді (күліп). Әрине, бұл тек қана әзіл, мен бір жылға жуық гол соқпадым. Онымен көріскенім жақсы болды.

- Футболсыз өткен ұзақ үзілістен соң алдыңа қандай жоспарлар қойып отырсың?

- Қазір үлкен мақсаттар бар – өткенімді қайтарып, командаға көмектесу. Ең бастысы, бәрі артта қалды, футболға қайта оралдым. Бұрынғы қалпыма оралып, мүмкіндігінше көп гол соғуға тырысамын.

Фото: Жетісу ФК

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»