34 жыл бұрын, 1985 жылдың 7 қазанында 80-ші жылдардағы кеңес футболының ең қызықты матчтарының бірі өтті. «Қайрат» өз алаңында мәскеулік «Спартактың» қақпасына төрт гол соқты.
Ойын өте нәтижелі болып, 4:4 есебімен аяқталды. Әрбір таймда тартысты күрес болып, ал көрермендер төрт допты көрді. Үзіліске дейін спартактықтар екі рет алға шығып, ал қайраттықтар екі рет есепті теңестірді.
Үзілістен кейін жағдай керісінше дәлдікпен қайталанды – есепте алматылықтар екі рет артықшылық алды, ал «қызыл-ақтар» қуып жетті. Екінші таймда 4:3 есебімен «Қайраттың» пайдасына жиырма минуттан астам уақыт өтті – Сергей Родионов тек 86-минутта ғана «Спартакты» жеңілістен құтқарып қалды.
Көптеген қайраттық жанкүйерлердің есінде қалған матчта Сергей Волгин ойынның 30-шы, 54-ші және 65-ші минутында гол соғып ерекшеленді. «Қайраттың» құрамындағы тағы бір голдың авторы Евстафий Пехлеваниди болды – ол мәскеуліктерге үзіліс алдында, 44-ші минутта гол соғып, есепті 2:2 жеткізді.
Матчтан кейін Дасаев Сергей Волгинге «Сергейге Ринаттан» деп қол қойған допты сыйға тартып, «Бір матчта маған үш рет гол соғу сирек. Ал сен оған қол жеткіздің...» -деді.