«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Бұл күн тарихта. 1964 жылдың 11 сәуірі
Қайрат

Бұл күн тарихта. 1964 жылдың 11 сәуірі

11 апреля 2019
/ 00:00

1964 жылы 11 сәуірде алматылық «Қайрат» КСРО чемпионатының 4-туры аясында ҚазақКСР Орталық стадионында мәскеулік «Спартакты» қабылдады.

30 мың жанкүйер жинаған матч қонақтардың пайдасына 0:1 есебімен аяқталды. Ойындағы жалғыз голды 67-минутта «ақ-қызылдардың» қорғаушысы Геннадий Логофет соқты. Сол кездесуде екі команда сапында бірқатар аңыздар доп тепкен еді: Владимир Маслаченко, Тимур Сегізбаев, Игорь Нетто, Юрий Севидов, Сергей Квочкин, Геннадий Логофет, Леонид Остроушко.

Бір қызығы, «Спартак» сапында «Қайраттың» бұрынғы қақпашысы Владимир Лисицын ойнады, ол алаңға 55-минутта шықты.

«Қайрат» (Алма-Ата) – «Спартак» (Мәскеу) 0:1 

«Қайрат»: Николай Сорокин, Юрий Стулов, Вадим Степанов, Станислав Каминский, Леонид Остроушко, Анатолий Федотов, Олег Мальцев (Владимир Скулкин, 65), Сергей Квочкин, Анатолий Алябьев, Тимур Сегізбаев, Анатолий Ченцов.

«Спартак»: Владимир Маслаченко (Владимир Лисицын, 55), Владимир Петров, Валерий Дикарев, Анатолий Крутиков, Алексей Корнеев, Игорь Нетто, Валерий Рейнгольд (Сергей Рожков, 60), Юрий Фалин, Геннадий Логофет, Юрий Севидов, Галимзян Хусаинов.

11 сәуір 1964 жыл. Алма-Ата. ҚазКСР Орталық стадионы. 30 000 көрермен.

Төрешілер: Александр Цаповецкий (Киев)

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»