Бұл күні алматылық «Қайрат» футболдан КСРО чемпионатының жоғары лигасында дебютін өткізді.
1960 жылы КСРО чемпионатының Жоғары лигасы22 командаға дейін кеңейтілді. Лигадағы жаңа командалардың бірі «Қайрат» болған. Элиталық дивизиондағы алғашқы матчын алматылық клуб ленинградтық қонақтарға қарсы өткізді. Алма-Атыға «Адмиралтеец» келген.
Ауа-райы футболға сәл бөгет болғанымен (қар мен температураның +3 болуы) ҚазКСР Орталық стадионына 30 мың көрермен келді. Чемпионаттағы ең жас команданың дебютті матчы, өкінішке қарай, голсыз өтті. «Қайрат» бұл ойында жеңіске жақындау болған еді. Олег Мальцевтің соққысы маңдайшаға тисе, кейін «Адмиралтеец» қорғаушысы Виктор Спиридонов өз командасын голдан құтқарып ақлды. Нәтижесінде тарихи матч 0:0 есебімен аяқталды. Кеңес футболының элитасында алғаш рет алматылық ойыншылар сол кезде атақты болған «қайраттық бетонды» көрсетті. «Қайраттың» қорғанысын кеңес басылымдары солай атайтын еді.
«Қайрат» (Алма-Ата) – «Адмиралтеец» (Ленинград) 0:0
«Қайрат»: Шершевский, Мороз, Федотов, Каретников, Остроушко, Скулкин, Иванушкин, Черёмушкин (Стулов, 83), Степанов, Неверов, Мальцев.
«Адмиралтеец»: Шехтель, Голубев, Спиридонов, Демидов, Морозов, Шилин, Виноградов, Варламов, Васильев, Свешников, Царицын.
10 сәуір 1960 жыл. Алма-Аты. ҚазКСР Орталық матч. 30 000 көрермен.
Төреші: Епихин (Мәскеу обл.).