«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Бүгін «Қайрат» ФК базасында 2023 жылға арналған команданың презентациясы өтті
Қайрат

Бүгін «Қайрат» ФК базасында 2023 жылға арналған команданың презентациясы өтті

01 марта 2023
/ 06:00

«Қайрат» футбол клубының бақылау кеңесінің мүшесі Сандугаш Утегенова, бас директор Аскар Есимов және негізгі команданың бас бапкері Кирилл Кекер құттықтау сөз сөйледі. Сондай-ақ, қонақтарға демеушілеріміздің өкілдері – Юрий Матиюн (1XBET) және Ануар Омарбеков («КНК Кемикал») жүгінді.

Презентация барысында клубтың стратегиясы, сондай-ақ алдағы маусымға қойылған мақсаттар айталды: «Қайрат» футбол клубының түлектеріне үлкен сенім артылады, әрі команда жоғары мақсаттарға күресетін болады.

Осыдан кейін қонақтардың назарына 2023 жылына арналған команда құрамы, оның ішінде жаңадан келгендер – израильдік қорғаушы Офри Арад, ресейлік жартылай қорғаушы Дмитрий Сергеев, сондай-ақ «Қайрат-Жастар» командасынан ауыстырылған Мирас Кобеев пен Александр Мрынский таныстырылды.

Бұдан басқа, келесі командалар да атап өтілді: Бесова Кубогында екінші орын алған «Қайрат» U-16, өткен жылғы чемпионаттардың жүлдегерлері атанған әйелдер командалары, сондай-ақ наурыз айының ортасында Таиландқа халықаралық турнирге аттанатын Kairat Blind Football Team.

Іс-шара соңында Асқар Есімов, Кирилл Кекер және команда капитаны Сергей Кейлердің қатысуымен БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз конференциясы өтті.

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»