Бүгін «Қайрат» футбол клубының ардагері және Қазақстанның аңызға айналған ойыншыларының бірі Тимур Санжарұлы Сегізбаев 78 жасқа толар еді.
Тимур Санжарұлын қазақ футболының «патшасы» деп атаса болады. Мансабын тек бір клубта өткізген Тимур Сегізбаев отандық футболдың символына айнала білді. Халықтық командасы сапында өткізген 12 маусымда 200-ден аса ойынға қатысқан.