«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Азулы Шымкент
Қайрат

Азулы Шымкент

22 июля 2018
/ 00:00

«Ордабасы» - «Қайрат» - 2:1

ГолдарЕрланов, 12, Диакате (пен), 84 – Эсеола, 54

«Ордабасы»: Жасұр Нәрзіқұлов (Қ) - Мардан Төлебек (К), Хрвое Спахия, Пабло Фонтанелло, Темірлан Ерланов, Тимур Досмағамбетов - Абдуллай Диакате, Никита Бочаров (74, Шәмші), Кирилл Ковальчук, Еркебұлан Тұңғышбаев (88, Муженяк) - Виталий Ли

Резерв: Давид Лория (Қ) - Дамир Даутов, Талғат Адырбеков - Қайрат Әшірбеков, Ұлар Жақсыбаев - Жасұлан Молдақараев, Неманья Кочич

«Қайрат»: Стас Покатилов (Қ) - Ян Вороговский, Шелдон Бато, Айбол Әбікен, Ғафуржан Сүйімбаев - Хуан Фелипе, Исламбек Қуат (К) (46, Исламхан), Исаэль Барбоза, Андрей Аршавин - Адеринсола Эсеола, Мартон Эппель

Резерв: Владимир Плотников (Қ) - Сергей Кейлер - Магомед Парагульгов, Георгий Жуков, - Вячеслав Швырев

Шымкенттегі кездесу бір нәрсемен ерекше болды: «Қайратқа» бұл матчта алматылықтардың бұрынғы бас бапкері Кахабер Цхададзе қарсы тұрды. Екі команда бапкерлерінің ерекше жігері жанкүйерлерді қызыққа бөледі.

Матчтағы алғашқы мүмкіндік алматылық ойыншыларда болды. Андрей Аршавин бұрыштан әуелеткен доп Ғафуржан Сүйімбаевтың аяғына түскен, оның соққысы қақпа маңдайшасына тиді.

Ал алаң иелері өздерінде болғаналғашқы мүмкіндікті голға айналдырды: бұрыштан әуелеген допты Темірлан Ерланов қақпада тулатты – 1:0.

«Қайрат» бірінші таймның соңына таман есепті теңестіруге жақын болды:Вороговский қапталдан шымкенттіктердің айып алаңына пас қылдырды – Эсеола допқа жете алмай қалды. Одан кейін командалар шабуыл жасамай, үзіліске кетті.

Екінші таймда «Қайрат» бірінші нөмірмен ойнады. 54-минутта бразилиялық Исаэль айып алаңына доп асырған – Эсеола оны қақпаға сырғытты. Келесі шабуылдардың бірінде Андрей Аршавин жерлете соққы жасады, бірақ доп алыс бағананың қасынан өтті.

Матчтың 84-минутында «Қайрат» ойыншылары өз айып алаңында ойын тәртібін бүзып, Чеснаков пенальти белгіледі. Диакате он бір метрден мүлт кетпеді – 2:1.

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»