Қазақстандық Спорт күнімен!⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀
Тамыз айының үшінші жексенбісінде Қазақстан ел Президентінің 1998 жылғы Жарлығымен бекітілген Спорт күнін атап өтеді.⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀
Мереке өскелең ұрпаққа еліміздің спортшыларының жетістіктерін көрсетуге, спортқа және салауатты өмір салтына қызығушылық туғызуға, сондай-ақ кәсіби және әуесқой спортшыларды және спортқа қатысы бар барлық адамдарды құттықтауға арналған.
«Қайрат» футбол клубының үлкен отбасы барлық қазақстандық спортшыларды, мамандар мен жанкүйерлерді осы мерекемен құттықтайды! Біз барлығына спортқа деген махаббат пен құштарлықты, жаңа жетістіктерді, үлкен және кішкі жеңістерге жетуді тілейміз!