Қазақстан ұлттық құрамасы өз алаңында Әзірбайжан командасын еш қиындықсыз ұтты. Матч есебі 12-минутта ашылған: «Қайрат» жартылай қорғаушысы Бауыржан Исламханның пасынан кейін Роман Муртазаев баспен дәл соққы жасады. Араға бір минут салып Серікжан Мужиков қазақстандықтардың басымдығын ұлғайтты. Матчтағы шешуші голды Бактиер Зайнутдинов соқты.
Ұлттық құрама сапында «Қайраттан» Бауыржан Исламхан мен Исламбек Қуат бірінші минуттан ойнады. Матчтың екінші жартысында алаңға «сары-қаралардың» үш ойыншысы шықты: Георгий Жуков, Ян Вороговский мен Ғафуржан Сүйімбаев.
Фото: Tengrinews.kz