Қазақстан ұлттық құрамасы Андорра командасымен тең тарқасты.
Матч Андорра-ла-Веллья қаласындағы «Естади Насьональ» стадионында өтті. Матч есебін Юрий Логвиненконың көмегімен қазақстандықтар ашқан. Ал 76-минутта Серікжан Мужиков екінші сары қағазын алып, алаңнан қуылды. Матч соңына таман Алаэс таразы басын теңестірді.
Қазақстан құрамасы сапында алматылық «Қайраттың» ойыншылары Исламбек Қуат пен Бауыржан Исламхан ойнады.
Андорра – Қазақстан - 1:1 (0:0)
Голдар: Алаэс 86 - Логвиненко 68
Ескертулер: Мартинез 39, Алаэс 79 - Тұңғышбаев 11, Мужиков 45+2
Алаңнан қуылды: Мужиков 76 (екінші сары қағаз)
Андорра: Гомес (гк), Мартинез, Велес, Ребес, Лима (к), Клементе (Алаэс 69), Вийера, Сан Николас, Рубио (Гомес 80), Червос, Лловера.
Қазақстан: Эрич (гк), Постников, Қуат, Мужиков, Исламхан, Тұңғышбаев (Зайнутдинов 66), Щеткин, Мұртазаев (Тұрысбек 59), Шомко (к), Бейсебеков (Сейдахмет 90), Логвиненко.
Төрешілер: Тораринссон, Гудмундссон, Сигурдарсон (бәрі де – Исландия)
10.09.2018. Андорра. «Естади Насьональ».