«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Қазақстан OLIMPBET-Чемпионатының 2-ші туры Леонид Остроушконы еске алуға арналады
Қайрат

Қазақстан OLIMPBET-Чемпионатының 2-ші туры Леонид Остроушконы еске алуға арналады

08 марта 2023
/ 06:00

2023 жылғы Қазақстан OLIMPBET-Чемпионатының 2-ші туры «Қайрат» футбол клубының аты аңызға айналған бапкер Леонид Константинович Остроушконың құрметіне өтеді.

Жаттықтырушы ретінде Леонид Константинович көптеген қазақстандық командаларда қызмет етті – олар «Қайрат», «Цементник», «Алатау», «Целинник» және «Шахтер». Оның бапкерлік жетістіктері қазақ футболының тарихына алтын әріппен жазылған!

«Қайратпен» бірге КСРО Чемпионатының Бірінші лигасын жеңіп алды, сондай-ақ жоғары лигада 7-ші орынға қол жеткізді – аталмыш жетістік қазақстандық командалар үшін ең үздік нәтиже болып табылады.

Леонид Константинович Остроушко КСРО спорт шебері және Қазақ КСР еңбек сіңірген жаттықтырушысы болып табылады.

Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы Леонид Остроушко атындағы жүлдені ұсынды. Аталмыш жүлде маусымның қорытындысы бойынша Қазақстанның үздік бапкеріне табысталады.

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»