Айторе – доп алып қоюдан Бірінші лигадағы үздік
Қазақстан Кәсіпқой футбол Лигасы InStat аналитикалық компаниясының статистикалық есебіне негізделе, 2019 жылғы бірінші лига ойыншылары арасында ТОП-5 ойыншыны құрады.
«Қайрат-Жастар» қорғаушысы Мәди Айтөре осы рейтингтің көшін бастады. «Сары-қаралардың» ойыншысы 243 рет қарсыластың берген пасын алып қойып, оның 29-ы қарсыластың жарты алаңында болған.
Бірінші лига-2019-дың доп алып қоюдан ТОП-5 ойыншысы:
1. Мәди Айтөре, «Қайрат-Жастар» - 243 рет алып қойған, 29-ы алаңның басқа жартысында;
2. Драмане Коне, «Мақтаарал» - 219 рет алып қойған, 27-і алаңның басқа жартысында;
3. Илья Воротников, «Каспий» - 214 рет алып қойған, 15-і алаңның басқа жартысында;
4. Айдын Бралин,«Екібастұз» - 205 рет алып қойған, 15-і алаңның басқа жартысында;
5. Абылайхан Төлегенов,«Байқоңыр» - 196 рет алып қойған, 12-сі алаңның басқа жартысында.