«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

«ҚАЙСАР» 1:2 «ҚАЙРАТ»
Қайрат

«ҚАЙСАР» 1:2 «ҚАЙРАТ»

26 сентября 2018
/ 00:00

Қызылордадағы матч алматылықтардың жеңісімен аяқталды.

«Қайсар» мен «Қайрат» арасында Қызылордада өткен матч тартысты өтті. Чемпионаттағы екі сәтсіз ойыннан соң «сары-қаралар» «қасқырларға» қарсы ойынға ерекше жігермен дайындалды.

Бірінші таймда қонақтар ойынды бақылауда ұстап, алаң иелерінің қақпасына жылдам екі гол соқты. Бірінші таймда Эсеола өз командасын алға шығарса, хорватиялық жартылай қорғаушы Иво Иличевич басымдықты ұлғайтты.

Екінші таймда «Қайсар» есеп айырмасын қысқарта алды: Владимир Аржанов көзге түсті. Кездесу аяғында «Қайрат» ойыншымен қалды, Елдос Ахметов алаңнан қуылған болатын.

Қайсар – Қайрат 1:2 (0:2)

Голдар: Эсеола Адеринсола 25 (0:1), Иличевич Иво 35 (0:2), Аржанов Владимир 51 (1:2).

Ескертулер: Парагульгов Магамед 27, Пуношевац Братислав 34, Иличевич Иво 38, Ахметов Елдос 68.

Алаңнан қуылды: Ахметов Елдос 76 (екінші ескерту).

Қайсар: Григоренко Александр, Аржанов Владимир, Байжанов Мақсат (Жанғылышбай Тоқтар 78), Граф Иван (к), Әмірсейітов Ілияс, Евстигнеев Дмитрий (Чуреев Валентин 34), Курьор Матиас, Марочкин Александр (Балтаев Алдан 34.), Нәрзілдаев Думан, Пуношевац Братислав, Тағыберген Асхат.

Резерв: Вере Пол Ооко, Джа Джедже Франк, Зенькович Игорь, Исламқұлов Марсель, Камара Джон, Коробкин Валерий,

Қайрат: Покатилов Стас, Ахметов Елдос, Бато Шелдон, Да Силва Барбоса Исаэль (к), Жуков Георгий, Иличевич Иво (Исламхан Бауыржан 71), Парагульгов Магамед (Қуат Исламбек 57), Алвес Рибейро Хуан Фелипе (Соколенко Александр 85), Политевич Сергей, Сүйімбаев Ғафуржан, Эсеола Адеринсола.

Резерв: Әліп Нұралы, Аршавин Андрей, Кейлер Сергей, Плотников Владимир, Элек Акош, Эппель Мартон.

Бас төреші: ТЕВЯШОВ Денис (Орал). Көмекшілер: СҮЙІНОВ Рустам (Павлодар), БЕЙЖАНОВ Рустам (Петропавл). Қосалқы төреші: АБЖАН Жандос (Шымкент).

26 қыркүйек, 2018, 16:00. Қызылорда, Ғ. Мұратбаев атындағы стадионның қосалқы алаңы. 2800 көрермен.

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»