«Қайраттың» алғашқы оқу жаттығу жиыны еліміздің оңтүстік астанасында өтеді.
Алматылық клубтың спорт базасында футболшыларға өз қалыптарына келіп, жаңа футбол маусымына дайындалу жолының бірінші кезеңін өткізу үшін барлық жағдай жасалған.
«Сары-қаралардың» жаттығу базасында ультразаманауи инфрақұрылыс салынған: оның аймағында төрт 4 толықкөлемді футбол алаңы (оның екеуі жылыту жүйесімен жабдықталған), жабық манеж, жоғарытехнологиялық жаттығу залы мен «Footbonaut» бірегей жаттығу құрылғысы.
Одан бөлек, база футболшыларға қажетті техникалар қондырылған заманауи медициналық орталық арқылы көмек тигізеді алады. Қалыпқа келу бөліміне жүзу бассейні, фин саунасы, криосауна және массаж кабинеттері кіреді.
Тұрғын блогында ойыншылардың өмір сүру үшін өте қолайлы нөмірлер, спорттық тағамдар берілетін мейрамханалық кешен мен бос уақыт өткізетін бөлмелер бар.
Алексей Шпилевский шәкірттері өзінің алғашқы жиынын Алматыда 5-20 қаңтар арасында өткізеді. Артынша, алматылықтар Түркияға аттанады.