«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

«Қайраттың» жеңіл жаттығулар күні
Қайрат

«Қайраттың» жеңіл жаттығулар күні

24 января 2020
/ 12:00
«Қайрат» ойыншылары бүгінгі жеңіл жаттығулар күнін тимбилдинг өткізуге арнады.

Алексей Шпилевский баптайтын команда бірнеше топқа бөлініп, көңіл күйді көтеретін ойындарға белсене қатысты. «Сары-қаралар» алдымен «Өткізгіштер» ойынын ойнады. Мұнда әрбір ойыншы көзі жабулы тұрған командаласын ешқандай сөзсіз басқаруы қажет. Ары қарай «Жерге сеніммен құлау» атты ойын болды. Ережесі: көзі байлаулы тұрған әр футболшы жерге құлай берген сәтте командадағы әріптесі оны қолымен ұстап қалуы керек.

Осындай көңілді күн «Қолтырауын» ойынымен тәмамдалды. Бәрі өте түсінікті: кез келген ойыншы бір сөзді ешқандай сөйлеусіз іс-қимылмен жасыруы қажет. Осы сәтте дұрыс жауабын тапқан команда жауапты ақ параққа қолдың көмегінсіз белгілеуі керек.

Осындай қызықты ойындардан кейін, футболшылардың бір-біріне деген сенімі артып, үлкен әсер алғаны анық.
arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»