«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

«Қайраттың» жаңа ойыншылары жасөспірімдерде қонақта болды
Академия жаңалықтары

«Қайраттың» жаңа ойыншылары жасөспірімдерде қонақта болды

10 февраля 2019
/ 00:00

«Қайрат» ФК-ның Т. С. Сегізбаев атындағы Академиясының баспасөз-залында алматылық команданың тәрбиеленушілері мен негізгі құрам ойыншылары арасында дәстүрлі кездесу өтті.

Түркияда өтетін жаңа оқу-жаттығу жиынына аттанбас бұрын «Қайраттың» жасөспірімдеріне «сары-қаралардың» жаңа ойыншылары – сербиялық қорғаушы Раде Дугалич пен польшалық хавбек Конрад Вржешиньский қонақ болып келді.

Жас буынмен кездесу сұқбат форматында өтті. Жасөспірім қайраттықтар көптеген сұрақтар қойды. Ал аға буын барлық сұраққа толығырақ жауап беруге тырысты.

Негізгі құрам ойыншылары тек бір сұраққа ғана аз уақыт ойлана жауап берді. Олардан Алматыдағы көрікті жерлерден не ұнағанын сұраған болатын. Маусымға дайындық аясындағы тығыз кесте мен сәт сайын Түркияда жиында болуларына байланысты, Конрад пен Раде әлі қалаға шығып, серуендеп үлгермеген екен.

Соған қарамастан, жасөспірімдер кездесуге уақыт тапқан екі футболшы «Қайратқа» келгеннен кейінгі алғашқы әсерімен бөлісті. Вржешиньский мен Дугалич жаңа клубтағы жайлылықтың, оқу-жаттығу базасындағы әсерлі құрылғылардың жоғары деңгейде екенін атап өтті.

Сонымен қатар, Раде мен Конрад жақында «Қайрат» ФК резерв Академиясының инфрақұрылымы мен техникалық жабдықтары қаншалықты керемет екенін өз көздерімен көргенін айтты. Футболшылар оның құрамында спорттық интернат пен бірнеше үлкен филиалдар бар екенін ерекше атап өтті.

Кездесудің соңына қарай Вржешиньский мен Дугалич «Қайраттың» тәрбиеленушілері дұрыс жұмыс істесе, халықаралық деңгейдегі кәсіпқой мамандар болып өсетіндерін ескертті.

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»